Емханада стоматологиялық көмек көрсететін 9 кабинет қызмет етеді. Сонымен қатар, мектептерде, балабақшаларда және облыстың шалғай елді мекендеріндегі балаларға жоспарлы емдік-профилактикалық стоматологиялық көмек көрсету үшін мобильді бригада (стоматолог және медбике) құрылды.

Қабылдау жүргізіледі:

• Терапиялық (8:00-ден 20:00-ге дейін);

• Хирургиялық (8:00-ден 20:00-ге дейін);

• Ортодонтиялық (8:00-ден 14:30-ға дейін);

• Ортопедиялық (14:30-дан 16:30-ға дейін);

Қызмет туу туралы куәліктің, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің немесе шетелдік паспорттың түпнұсқасын ұсынған кезде көрсетіледі.

Сіз емделу үшін купон ала аласыз:

- қабылдау бөлімі арқылы алдын ала жазылу бойынша – 46-75-93 телефоны, call-орталығы – 63-01-56, 8-702-010-27-96 телефондары бойынша;

- өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы.

Алды ала жазылу талоны тіркеу орнынан тағайындалған уақыттан 5-10 минут бұрын алуға болады. Терминал арқылы талон алған кезде науқастардың ағымы электронды кезек тәртібімен реттеледі.

Емхана ересек тұрғындарға ақылы стоматологиялық қызмет көрсетеді: тексеру, кеңес беру, емдеудің барлық түрлері мен тіс жұлу, ортодонтиялық қызметтер, физио процедуралар.

Мемлекеттік тапсырыстан тыс көрсетілетін қызметтердің бағасын Кәсіпорын дербес белгілейді.

Ақылы медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетіледі.

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 35-бабының 5-тармағына, «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚРДСМ-230/2020 бұйрығына сәйкес «Пациенттерді қолдау және ішкі тексеру қызметі» құрылған.

Егер Сіздің:

— медициналық көмектің сапасына көңілі толмаса;

— медицина қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасына тап болсаңыз;

— міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық қызметкерлердің ақша талап ету жағдайларын кездестіретін болсаңыз;

— және медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Емделіп жатқан науқастар да, олардың туыстары да пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуға құқылы.

Біздің ұйым көрсететін медициналық көмектің сапасын арттыруға көмектесетін Сіздердің өтініштеріңіз, ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін біз алғысымызды білдіреміз.

 

Пациенттерді қолдау қызметінің тәртібі жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін немесе 63-01-57, 8-702-010-27-97 телефондары бойынша.

 

Социальные сети: 

   


 

Мемлекеттiк сатып алу туралы

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтердi сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы

Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы

Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекiту туралы

Клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидаларын бекiту туралы

«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шараларды ұйымдастыруға және жүргiзуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекiту туралы

«Денсаулық сақтау объектiлерiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекiту туралы

«Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекiту туралы

«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргiзуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекiту туралы

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн медициналық ұйымдардың қызметi туралы ереженi бекiту туралы

Стоматологиялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi туралы ереженi бекiту туралы

Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы

«Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтихандарын өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
  • egov
  • Государственные символы
  • Әділет
  • Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
  • Акорда
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
  • «БЖЗҚ» АҚ
  • Antikor