АИТВ және дене белсенділігі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 13-тарауының 84-бабына сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыруға басқалармен қатар жүйелі түрде дене шынықтыру жаттығулары жатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, егер әлем халқы физикалық белсенділік танытса, жылына 5 миллионға дейін өлімнің алдын алуға болатынатын еді.

Адам ағзасы ең озық механизмдердің бірі болып табылады, ол ұзақ мерзімді өміршеңдікке арналған, бірақ көп жағдайда адам денсаулығына қамқорлықпен немесе назар аудармай, табиғат берген өмірлік әлеуетті өзі азайтады немесе ұзартады.

Жасыратыны жоқ, адам денсаулығы тұқым қуалаушылыққа, табиғи және әлеуметтік ортаның әсеріне байланысты, бірақ негізінен денсаулық адамның өмір салтына, оның әдеттеріне, тәуелділігіне, үйдегі және жұмыстағы мінез-құлқына байланысты.

АИТВ-инфекциясының диагнозы физикалық белсенділікке қарсы көрсетілім болып табылмайды. ДДҰ аптасына орташа қарқындылықтағы кем дегенде 150-300 минут немесе аптасына 75-150 минут қарқынды аэробты физикалық белсенділікті ұсынады. АИТВ-мен өмір сүретін спорт жұлдыздары спорт пен АИТВ-ның үйлесімділігінің мысалдары болып табылады: Грег Луганис, суға сүңгуірден Олимпиада чемпионы және Ирвин «Мэджик» Джонсон, баскетболшы. Салауатты өмір салтын жүргізу соншалықты қиын емес, бірақ ол белгілі бір күш-жігерді, белгілі бір ережелерді сақтауды, соның ішінде жаман әдеттерден бас тартуды қамтиды. Жаңа технологиялар, медицинаның жетістіктері, адам өмірін ұзартуға бағытталған заманауи дәрілер, мұның бәрі адам салауатты өмір салтын ұстанбаса, нәтиже бермейді.

Арнайы жаттығуларды орындау адамның шағын физикалық белсенділігін өтей алады.

Үнемі жаттығу немесе спортпен айналысу адам денсаулығын сақтау үшін өте маңызды. Дәл осы салауатты өмір салтының құрамдас бөліктері адамды физикалық тұрғыдан қалыптастырып, рухани қуат береді. Дене белсенділігі адамды күшті, төзімді, икемді, жылдам етеді.

05.07.2023

Қаралым саны: 114

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
  • coronavirus
  • egov
  • Государственные символы
  • Әділет
  • Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
  • Акорда
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
  • «БЖЗҚ» АҚ
  • Antikor