Шылым шегуден зияндар туралы
Қазақстан Республикасы |
Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды (бұдан әрі - темекі бұйымдары) сату жүзеге асырылатын орындарда жазу үшін темекі шегудің зияны туралы ескертулер "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 110–бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және темекі тұтынудың және темекі түтінін жұтудың адам организмі үшін қатты зиян келтіретін салдары туралы ескерту жазбамен (бұдан әрі- Ескерту жазбасы) беріледі.
2. Осы Ескертулерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) темекі бұйымдары - шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйенің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа да бөліктерінен толық немесе ішінара жасалған өнімдер;
2) қорқорға арналған темекі - қорқорды пайдалана отырып шегуге арналған және темекі емес шикізат пен өзге де ингредиенттер қосылған немесе қосылмаған, кесілген немесе жұлынған шикізат қоспасынан тұратын, шегілетін темекі бұйымының түрі;
3) қорқор қоспасы - темекі жапырағын шикізат материалы ретінде пайдаланбай дайындалған, қорқорды қолдана отырып тұтыну үшін пайдаланатындай етіп жасалған бұйым;
4) темекіні қыздыруға арналған жүйе - құрамында никотин бар аэрозоль түзілетін, темекіні қыздыру үшін пайдаланылатын құрылғы;
5) тұтынудың электрондық жүйелері - никотинді жеткізудің электрондық жүйелері және никотин болып табылмайтын өнімдерді жеткізудің электрондық жүйелері - құрамында никотин бар немесе жоқ сұйықтықты, басқа да химиялық заттарды, пайдаланушы жұтатын аэрозоль түзілетін хош иістендіргіштерді (картридждерде, резервуарларда және басқа да контейнерлерде) электрондық технологиялардың (аккумулятордың) көмегімен қыздыратын құрылғылар (оның ішінде электрондық сигареттер)
3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда көрінетін жерде мынадай мазмұндағы: "Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады" деген жазба орналастырылуға тиіс.
2-тарау. Темекі бұйымдарын көтерме және бөлшек сату орындарында орналасқан ескерту жазбаларының мәтіні
4. Темекі бұйымдарын сату орындарында темекі шегудің зияны туралы ескерту жазбалар орналастырылады және мынадай мәтіндерді қамтиды:
1) "Темекі шегу тістің түсуі мен пародонтозға шалдықтырады";
2) "Темекі шегу теріні ерте қартайтады";
3) "Темекі шегу никотинге тәуелділікті тудырады";
4) "Темекі шегу бедеулікке және түсік тастауға себеп болады";
5) "Темекі шегу импотенцияға шалдықтырады";
6) "Жүктілік кезінде темекі шегу Сіздің сәбиіңізге зиян келтіреді".
3-тарау. Темекі бұйымдарын көтерме және бөлшек саудада өткізу орындарына орналастырылатын ескерту жазбаларының параметрлері
5. Темекі бұйымдарын көтерме және бөлшек саудасы орындарында орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту жазбалары келесі параметрлерге сәйкес болуы тиіс:
1) мынадай тәртіпте жазылады: сол жағында немесе жоғары жағында – мемлекеттік, оң жағында немесе төменгі жағында – орыс тілдерінде;
2) қаріптердің атауы – тілге сәйкес Helvetica kz және Helvetica;
3) бағыты – төменгі жиегіне қатарластыра, солдан оңға қарай;
4) қаріп өлшемі – 80 пункт және одан көп;
5) қағаз түсі – ақ, СMYK 255.255.255. спектрі.
6. Темекі бұйымдарын көтерме және бөлшек саудасы орындарында орналастырылатын ескерту мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) орналасу алаңы – А4 форматы және одан үлкен;
2) еденнен кемінде 150 см және 200 см аспайтын деңгейде орналасу;
3) сауда орнына тікелей жақын жерде орналасу.
Темекі шегу өлтіреді
Темекі жыл сайын 8 млн астам адамды өлтіреді және қатты тәуелділікті тудырады. Бұл қатерлі ісік, журек- тамыр және тыныс алу жолдарының ауруларының бірі. Жыл сайып 6 трлн темекі өлдірісі үшін 600 млн ағаш кесіліп, таза ауа азаяды. Темекіге жол жоқ!
#біздіңпланетамызбіздіңсаулымыз
Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескертуді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-163/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21568 болып тіркелді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 110-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйырыққа қосымшаға сәйкес отырған темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату жүзеге асырылатын орындарда жазба үшін темекі шегудің зияны туралы ескертулер бекітілсін.
2. "Темекі бұйымдарын сататын орындарда, қорабында және қаптамасында темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескертулерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 442 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11538 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 шілдеде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі А. Цой
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі
_______________Б. Сұлтанов
2020 жылғы " " ____________
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы Астана, Үкiмет үйi 2011 жылғы 22 қарашадағы №1367
Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы ескертудi бекiту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 159-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
- Қоса берiлiп отырған темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы ескерту бекiтiлсiн.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
К. Мәсiмов
Бекiтiлдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1367 қаулысымен
Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы ескерту
1. Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы ескертудi темекi бұйымдарының көтерме және бөлшек сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi болып табылады.
2. Темекi бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы осы ескерту (бұдан әрi — Ескерту) темекi шегудiң зияны туралы сурет пен жазудан тұрады.
3. Сурет осы Ескертуге қосымшаға сәйкес болуы тиiс.
4. Жазулардың мәтiнi мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
- екi тiлде басылуы тиiс: жоғарғы жағында — мемлекеттiк тiлде, төменгi жағында — орыс тiлiнде;
- Ескертудiң негiзгi төменгi бөлiгiнiң 20% (жиырма пайызын) алып жатуы тиiс;
- қарiптердiң атауы — тiлге сәйкес Helvetica kz және Helvetica;
- қарiптiң көлемi — 20 пт;
- бағыты — төменгi жиегiне қатарластыра, солдан оңға қарай;
- түсi — қара, СMYK C52.M41.Y40.K100 спектрi.
5. Темекi бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын орындардағы орналастырылатын Ескерту келесi талаптарға сәйкес болуы тиiс:
- орналасу алаңы — А4 форматы және одан үлкен;
- еденнен кемiнде 150 см және 200 см аспайтын деңгейде орналасу;
- сауда орнына тiкелей жақын жерде орналасу.
6. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган осы Ескерту алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк төрт күннен кешiктiрмей ескертудiң электрондық нұсқаларын www.mz.gov.kzсайтында орналастырады.
Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы ескертуге қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы Астана, Үкiмет үйi 2011 жылғы 22 қарашадағы №1368
Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну қағидаларын бекiту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 159-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
- Қоса берiлiп отырған Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
К. Мәсiмов
Бекiтiлдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 қарашадағы №1368 қаулысымен
Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну қағидалары
1. Осы Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) темекi және темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну тәртiбiн анықтайды.
2. Осы Қағидалар темекi және темекi бұйымдарын өндiру және импорттау бойынша қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес темекi бұйымдарын өндiрушi, импорттаушы темекiнiң және темекi бұйымдарының барлық таңбаларында никотиннiң және шайырлы заттардың рұқсат етiлетiн шектi құрамы бойынша зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы, өткен он екi айда Қазақстан Республикасының аумағында өздерi шығарған немесе шығаруға ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есептердi жыл сайын келесi жылдың 1 ақпанына дейiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етуге тиiс.
4. Ұсынылатын есептер мынадай екi бөлiктен тұрады:
- зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы есеп;
- темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есеп.
5. Зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген, стандартталған әдiстердiң негiзiнде зерттеулер жүргiзген зертхананы көрсете отырып, темекi және темекi бұйымдарының барлық маркаларында шайырлы заттар мен никотиннiң шектi рұқсат етiлген деңгейiнен тұруы тиiс.
6. Ингредиенттер туралы есепте мыналар болуы тиiс:
- өндiрiлетiн және импортталатын темекi бұйымдарының әрбiр түрi бойынша темекiге қосылатын ингредиенттер атауларының жиынтық тiзiмi. Тiзiмде әрбiр ингредиенттiң темекi массасына қатынасы бойынша пайыздағы ең көп үлесi көрсетiледi;
- темекi өнiмдерiнiң әрбiр атауы бойынша темекiге қосылатын ингредиенттер атауларының тiзiмi, егер мұндай ингредиенттердiң үлесi темекi бұйымының массасына қатынасы бойынша сигарет, папирос және шегетiн жiңiшкелеп кесiлген темекi үшiн 0,1 пайыздан және темекi бұйымдарының өзге түрлерi үшiн 0,5 пайыздан аспаса. Үлесi сигарет, папирос және шегетiн жiңiшкелеп кесiлген темекi үшiн 0,1 пайыздан және темекi бұйымдарының өзге түрлерi үшiн 0,5 пайыздан аспайтын ингредиенттердiң болуы тiзiмде «хош иiстендiргiштер» деген сөзбен белгiленедi;
- темекi емес материалдардың құрамындағы ингредиенттер атауларының тiзiмi. Темекi бұйымының темекi емес материалдарының құрамына кiретiн ингредиенттер олардың құрамындағы темекi емес материалдардың санаттары бойынша көрсетiледi.
7. Темекi бұйымы массасының ингредиенттерi туралы есептi дайындау кезiнде, бiр дана темекi бұйымының (сигарет, сигара, сигарилла (сигарита), папирос, биди, кретек) бiр бiрлiгiнiң (ылғалдылығын ескере отырып) салмағы, шегетiн жiңiшкелеп кесiлген темекiнiң 750 миллиграмы, өзге темекi бұйымдарының (кальянға арналған темекi, түтiк темекiсi, шекпейтiн темекi бұйымдары) 1 граммы есептеледi. Темекi бұйымындағы ингредиенттiң үлесi рецептураға (өзiндiк ерекшелiкке) сәйкес есептеледi.
8. Зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы және темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есептер қағаз және/немесе электрондық нұсқаларда ұсынылады.
Мақаланы құрған күні 04.02.2019 16:27
Мақаланы жаңартқан күні 11.11.2022 09:31