Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күні

Халықаралық есірткілік заттарды пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күні, сондай-ақ дүниежүзінде "Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күні" деп аталады ол жыл сайын 26 маусымда атап өтіледі. Бұл күнді 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы есірткіні пайдаланудан бас тартатын халықаралық қоғам құру үшін және олардың қызметі мен ынтымақтастығын күшейтуге бел буғанының белгісі ретінде бекітті.

Инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар АИТВ-ны жұқтыру және одан әрі тарату қаупі бар халық топтарына жатады. Өкінішке орай, есірткіні жасөспірім кезінен бастап қолданғандар, олардын салдарын түсінбейді. Бұл дегеніміз - вирустық гепатит, АИТВ инфекциясы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және т. б. Бірнеше адам есірткіні бір шприц арқылы тамырішілік қолданған уақытта жұқтырып отырады. Есірткі дайындау кезіндегі жалпы заттарды және бір реттік шприцті бірнеше рет пайдалану АИТВ инфекциясын жұқтыруға әкеліп соқтырады.

Зияндылықты азайту немесе шприцтерді тарату бағдарламасы АИТВ-инфекциясының, С гепатитінің және қанмен берілетін басқа вирустардың таралу деңгейін төмендетеді. Опиоид агонистерімен қолдау терапиясы және расталған ақпарат негізінде есірткіге тәуелділікті емдеудің басқа түрлері есірткіні тұтынуды шектейді, жұқпалы ауруларға осалдықты төмендетеді және медициналық және әлеуметтік қызметтерді пайдалану деңгейін арттырады.

Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күні

05.08.2022

Қаралым саны: 559

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
  • coronavirus
  • egov
  • Государственные символы
  • Әділет
  • Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
  • Акорда
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
  • «БЖЗҚ» АҚ
  • Antikor