4 маусымда Қазақстанда еліміздің Мемлекеттік рәміздер күні тойланады
Бұл күні Қазақстанның қалаларында Мемлекеттік Рәміздер күнін тойлау аясында салтанатты шаралар өтуде, өйткені бұл мейрам Тәуелсіз Қазақстанымздың тарихында ең маңызды мерекелердің бірі болып табылады.
Қазақстанның мектептерінде бірінші сынып оқушыларына берілетін алғашқы және ең маңызды сабақ Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріне арналады. Балалар Әнұранның сөздерін жатқа біледі және оны өз Отанына деген үлкен мақтанышпен орындайды.
Бұл салтанатты және еліміз үшін маңызды мейрамның тарихы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңын қабылдау күнінен, 2007 жылдың 4 маусымынан басталады. Осыған сәйкес 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні ретінде жыл сайын тойланады.
Мемлекеттік рәміздер - кез келген мемлекеттің ажыратылмас белгілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Мемлекеттік ту – бұл әрбір қазақстандықтың мақтанышы. Атақты спортшыларымыз халықаралық жарыстарда жеңіске жеткенде Қазақстанның туы биікке көтеріледі. Сондай-ақ Мемлекеттік туымыз Конституция күнін, ҚР Тәуелсіздігі күнін тойлағад да көкке көтеріледі.
Сол жағында алтын түсті ұлттық өрнегі бар, ортасында самғаған қыран мен күн бейнеленген көгілдірі туымыз – Қазақстан Республикасының бостандық, тәуелсіздік пен егемндік белгілері. Фонның бір түстілігі – Қазақстан бірлігінің белгісі.
Көгілдір түс түркі халытары үшін дәстүрлі түс болып табылады. Туда ол бүкіл жер мен адам үшін аспанның шексіздігін білдіреді, сондай-ақ жалпыға амандық, тыныштық, бейбітшілік пен бірліктің белгісі болып табылады.
Күн – өмірдің және қуаттың көзі. Сондықтан да күн өмірдің нышаны болып табылады. Көшпенділер үшін күн уақытты белгілейді. Геральдика заңдары бойынша күннің бейнесі байлық пен молшылықтың нышаны болып табылады. Сондықтан да тудағы күн сәулелерінің пішіні дән сияқты. – молшылық пен амандықтың негіздері.
Көшпенділердің дүниеге деген көзқарасында бүркіт ерекше орын алады. Рәміздердің тілінде қыран мемлекеттік билікті, кеңшілік пен көрегендікті білдіреді. Дала адамы үшін бұл бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа жетушіліктің, болашаққа самғаудың нышаны. Сонымен қатар үлкен күшке ие болған қыран кез келгенге, болашаққа жетуге бөгет жасайтынға тойтарыс береді. Жас егеменді Қазақстан дүниежүзілік өркениеттің биігіне жету идеясынан пайда болды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы – Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы қайталанбас керемет. Мемлекеттік елтаңбаның орталық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнесі. Бұл отбасылық амандықтың, бейбітшіліктің, тыныштықтың символы. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Геральдика тілімен айтқанда қазақтың ынтымақшыл болмысын қамтып көрсетеді. Республикамыздың барлық халықтарды бір шаңырақ астынады, біздің жалпыға бір үйіміз – Қазақстанның қуатты құрылымы болып қалыптасуына тырысуға щақырады.
Елтаңбамыздың келесі композициялық құрамдас бөлігі арғымақтар болып табылады - тұлпарлар.
Елтаңбаның түстік гаммасы ретінде алтын және көгілдір түстері үйлеседі. Біріншісі біздің халықтарымыздың жарқын, ашық болашағына сәйкес. Көгілдір аспан біздің халықтарымыздың баршасына ортақ. Біздің Елтаңбамыздағы көгілдір түс ғаламашардағы барлық халықтармен бейбітшілікте, ынтымақта, достық пен бірлікте тұруға ымтылуды бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Мелекеттік Елтаңбасының авторлары белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлибеков и Шот-Аман Валиханов
Қазақстанның Республикасының Мемлекеттік Гині
Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бір, ол қазақстан халқының бейбітшілікке, бірлікке және гүлденуіне ымтылуды білдіреді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді..
Мемлекеттік егемендік жарияланған соң, 1992 жылы Қазақстан гимнінің мәтіні мен музыкасына конкурс жарияланған болатын. Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкасы сақталады деген шешім қабылданған. Сөйтіп бірінші қазақстандық гимнінің авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Ең үздік мәтін конкурсында белгілі ақындар ұсынылған авторлық ұжым жеңіске жетті: Мұзафар Әлимбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрибаевой.
Еліміздің дыбыстық рәмізін әйгілеу мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халық арасында танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» болды. Ол 1956 жылы Шәмші Қалдаяқовпен және ақын Жұмекен Нәжімеденовпен жазылған. Әнге жоғары мемлекеттік гимнінің дәрежесін беру үшін Қазақстан Рспубликасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы мәтінін өңдеп жеткізді.
Ол алғашқы рет 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет Басшысының салтанатты иннагурацциясында айтылды. Впервые он прозвучал 11 января 2006 года во время торжественной инаугурации Главы государства.
04.06.2017
Қаралым саны: 420