Тіліңізді таңдаңыз

"Облыстық стоматологиялық емхана" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
ҚР-да АИТВ-инфекциясы бар шетелдіктерге медициналық көмек көрсету: құқықтық аспектілер

ҚР-да АИТВ-инфекциясы бар шетелдіктерге медициналық көмек көрсету: құқықтық аспектілер

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар, соның ішінде АИТВ-инфекциясы бар адамдар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қызметтер алуға құқылы. ТМККК қызметтерінің тізбесіне АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық, профилактикалық және дәрі-дәрмектік көмек көрсету қызметтері кіреді. Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес, шетелдік азаматтар кенеттен пайда болған өткір аурулар мен жағдайлар кезінде стационарлық жағдайда тегін медициналық көмек алуға құқылы. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы елде уақытша жүрген АИТВ-инфекциясы бар шетелдік азаматтарға антиретровирустық терапияны тегін алуға мүмкіндік БЕРМЕЙДІ.Шетелдік тұлғаларға медициналық көмек көрсету ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 665 «Иммигранттарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі. Оған сәйкес, ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер ТМККК және МӘМС тізбесіне кірмейтін медициналық қызметтерді ақылы негізде алады, сондай-ақ оларды ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде немесе ҚР заңнамасында тыйым салынбаған қосымша қаржыландыру көздері есебінен ала алады. ҚР-ға білім алу мақсатында келген және өзі тұратын ел берген АИТВ-инфекциясы мен туберкулезге зерттеу нәтижелері бар медициналық анықтамасы жоқ шетелдіктер ақылы негізде медициналық тексеруден өтеді. Бұл ретте, ҚР аумағында тұрақты және уақытша тұратын шетелдіктер ТМККК шеңберінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық тексерілуге және консультация алуға заңды құқығы бар.АИТВ-инфекциясы бар аналардан туған, диагнозы анықталмаған балалар ТМККК шеңберінде тұрақты бақылауға және дәрілік заттармен қамтамасыз етілуге жатады. АИТВ-мен өмір сүретін шетелдік әйелдер босануға дейін және босану кезінде тегін тестілеуден өтуге құқылы. Жүкті әйелдердің үшінші триместрінде ПТР тест (АИТВ РНҚ) нәтижесі оң болған жағдайда, АРВТ тегін тағайындалады.Осылайша, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасында ықтиярхаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ТМККК шеңберінде ҚР азаматтарымен бірдей медициналық көмек алуға, соның ішінде медициналық көмек пен АРВТ-ны тегін негізде алуға қолжетімділік берілген.