Балалардағы АҚТҚ диагностикасы

АҚТҚ-ның ерте диагностикасының өзектілігі

Балалардағы АҚТҚ-инфекциясының ерте диагностикасы антиретровирустық терапияны уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді және осылайша АҚТҚ-инфекциясының клиникалық дамуын болдырмайды. ПТР әдісін қолдану балада ҚТҚ-инфекциясының диагнозын растауды немесе жоққа шығаруды айтарлықтай жылдамдатады, өйткені ПТР диагностикасының жоғары сезімталдығы мен ерекшелігі балаларда АҚТҚ-ны ерте диагностикалауға мүмкіндік береді. АҚТҚ жұқтырған аналардан туған нәрестелерді тексеру кезінде құрғақ қан дақтарын (ҚҚД) қолдану өте ыңғайлы. ҚҚД үлгілерін алу, сақтау және өңдеу оңай.

Балалардағы АҚТҚ-ны ерте диагностикалау алгоритмі

АҚТҚ-жұқтырған аналардан туған балаларды алғашқы тексеру АҚТҚ провирустық ДНҚ бар-жоғына ПТР әдісімен туғаннан бастап 48 сағатқа дейін жүргізіледі. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 18 айға дейінгі балаларды тексеру кезінде биоматериалды ПТР бойынша бірінші зерттеу жасына қарамастан эпидемиологиялық көрсеткіштердің пайда болуы кезінде жүргізіледі. Зерттеуге арналған биоматериал (капиллярлық қанның құрғақ тамшысының үлгісі немесе толық қанның үлгісі зертханаға жіберіледі. 48 сағатқа дейін теріс нәтиже алынса, екінші ПТР сынағы 6 апталық жаста жүргізіледі. Егер теріс нәтиже 6 аптада алынған, АҚТҚ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымының маманымен бірге педиатр дәрігер-педиатрдың алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында баланың жағдайына ай сайынғы клиникалық бақылау жүргізеді. АҚТҚ ДНҚ бар-жоғына үшінші ПТР тесті балада АҚТҚ-инфекциясының клиникалық көріністері болмаған жағдайда 9 айлық жаста жүргізіледі. АҚТҚ-инфекциясының клиникалық белгілері болған жағдайда, жасына қарамастан АҚТҚ ДНҚ-сын анықтау үшін қосымша сынақ жүргізіледі. Туылғаннан 18 айға дейінгі балаларда АҚТҚ-инфекциясын диагностикалау рәсімінің кез келген сатысында АҚТҚ-ДНҚ бар-жоғына ПТР сынамасының оң нәтижесін алған кезде биологиялық материалдың екінші сынамасын алу күнтізбелік 14 күннен кешіктірілмей жүргізіледі. ПТР әдісімен АҚТҚ РНҚ вирустық жүктемесін сандық анықтау үшін биологиялық материалдың үлгісі зертханаға жіберіледі. 

24.03.2023

Қаралым саны: 313

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
  • coronavirus
  • egov
  • Государственные символы
  • Әділет
  • Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
  • Акорда
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
  • «БЖЗҚ» АҚ
  • Antikor