«Терроризм: ұғым, жауапкершілік, ескерту» практикалық лекторий
15 тамызда Шал ақын ауданының аудандық кітапханасында "Терроризм: ұғым, жауапкершілік, ескерту" практикалық лекторий өтті. Іс-шараны кітапханашы Д.Р. Сағымбекова ұйымдастырды. Қатысушылар Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері болды. Кездесудің мақсаты: жастардың бойында терроризм қаупі туралы нақты түсінік қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, сыни ойлау мен қоғамның қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілік сезімін дамыту.
Лекторий барысында терроризммен байланысты негізгі ұғымдар ашылып, террористік іс-әрекеттің нысандары мен белгілері қаралды, сондай-ақ осындай қауіптердің алдын алу шаралары талданды. Террористік әрекетке қатысқаны және оған жәрдемдескені үшін құқықтық жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
15.08.2025
Қаралым саны: 25